Бүгін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты Абай ауданы «Дін Ислам» мешітінде «Құраным – асыл тәжім» атты қасиетті Құранды жаттауға түскен шәкірттерге арналған шара ұйымдастырылды.
Өздеріңзгі белгілі, ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Нұр-Сұлтан қаласында өткен төралқа мәжілісінде айтқан бастамасын қолдау мақсатында «Құран үйрену» орталықтарының жұмысын күшейту ниетінде өткізілді.
Игі бастаманы «Дін Ислам» мешітінің бас имамы Нұрлан Нұрмағанбетов тікелей қолдауымен араб әліпбейін бітіріп, қасиетті Құран жаттауға қадам басқан шәкірт қыздарымызды ынталандыру мақсатында «Мадина» халал дәмханасында мерекелік дастархан жайылып, сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі