Таяуда, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бас имам орынбасары әрі қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы  өкілі  Қазыбек Сарыбаев  халал өнімдерін өнідіруші кәсіпкерлерге «Адал ас  –  шариғат талабы» атты  діни танымдық  семинар ұйымдастырды.  

Семинар  жұмысына  «Халал Даму» ЖШС-ның  сертификатына ие «Исфижап»,  «Жасур» және «Нұр-Дәулет» шұжық өнідіруші кәсіпкерлеріне  екі күндік семинар ұйымдастырылып,  мамандары шариғат үкімдеріне сәйкес  халал мен арам туралы мол ақпаратқа ие болды. 

Сондай-ақ, «Халал Даму» ЖШС-ның Шымкенттегі бөлімшесінің қызметі мен атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде түсіндіріп, халал өнімдерін насихатталды.

Айта кетсек, кәсіпкерлердің сұранысына орай, аталмыш бағыттағы семинарлар мен қысқа мерзімді курстар тұрақты өткізілетін болып шешілді.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38