2017 жылдың 08 ақпан күні Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің ұйымдастыруымен Көксу а/о, Ұзыната а/о және Алатау батыр ауылдық окруктеріндегі мектеп оқушыларымен «Ислам діні- ынтымақ діні», – атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек, Көксу, Ұзыната және Алатау батыр ауыл әкімі аппаратының дін саласы бойынша жауапты мамандары, ауыл мешітінің имамдары қатысты. Кездесу барысында, ауыл имамдары жастарға «Әбу Ханифа мазһабы» туралы түсініктер беріп, Әбу Ханифаның өмірбаяны мен еңбектері туралы айтып өтті. Өйткені бүгінгі таңда адасушылықтың бәрі барлығы Ислам дінін бұрмалаушылықтан туындап отырғанын айтты. Сонымен қатар, еліміздегі діни ағымдардың айырмашылығы туралы түсіндіріп, ислам дінінің шығу тарихына тоқталып өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек оқушыларға біздің басты мақсатымыз – халқымыздың жүрегін біліммен нұрландырып, рухани байлығын арттыра отырып, адамгершілікке тән қасиеттерге баулып, халқын сүюге, еліне адал қызмет етуге шақырды. Сонымен қатар, әлемдік денгейдегі мәселе болып отырған мәселелердің бірі еліміздегі тыйым салынған дәстүрлі емес жат діни ағымдарды оқушыларға сыртқы және намаздағы ерекшеліктеріне тоқталып түсіндіріп өтті. Сондай – ақ, ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы №685 қаулысымен бекітілген терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпараты үшін сыйақы белгіленгенін атап өтті. Түсіндіру барысында оқушыларға ескертіп, сыйақы аламын немесе көрейін деп ойнап әзілдеуге болмайтындығын айты. Кездесу соңында мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, әдістемелік кітапшалар таратылып берілді.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі