IMG 449

IMG 449

Шырайлы Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында облыстық зекет қорының оқу-жаттығу семираны ұйымдастырылды.
Семинарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыстық Зекет қорының басшысы Ғалымжан Назаров, найб имам Мұхамеджан Естеміров, облыстық мешіттің іс басқарушысы Абай Қамбар және қалалық, аудандық зекет қорының жауапты мамандарының қатысты.
Семинар барысында өкіл имам Ахметжан қажы Пірәліұлы қатысушы барлық жауапты мамандардың жұмыстарын сәттілдік тілеп, зекет жөнінде өзінің ііс тәжірибесімен бөлісті.
Осыдан кейін, облыстық Зекет қорының басшысы Ғалымжан Назаров жауапты мамандаға алдағы атқаратын жұмыс жоспарымен таныстырды. Онда мешіт имамдарымен бірлесіп ай сайын түрлі тақырып негізінде қайырымдылық шаралар рухани кештер өткізу, мешіт жанынан арнайы зекет бөлмесін ашу, есеп шотқа қаржылай қаржы түсіру, жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу сынты бірқатар нұсқаулар берді.
Сондай-ақ, «Шымкент» медресе-коллежінің оқу базасында зекет қорының жауапты өкілдерінің біліктіліктерін арттыруға арналған семинарларын өткізетін болып шешілді.
Жалпы, семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 447

IMG 448

IMG 449

IMG 450

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38