Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар күнгі Қазақстан халқына Жолдауына қолдау аясында «Елбасы Жолдауы – жарқын болашаққа жетелейді» атты семинары өтті.
Аталмыш шараға облыс имамы А.Керімбек, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғ.Маймақов, облыстық «Діни мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің директоры Н.Тұрсынбай, «Қамар» қайырымдылық мекемесінің төрағасы А.Есей, дінтанушы Қ.Маджанов және қала, аудан имамдары мен «Шымкент» медресе-колледжінің ұстаздар қауымы қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Шараны алдымен облыс имамы А.Пірәліұлы сөз алып, шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Осыдан кейін, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, т.ғ.к. құқықтану доценті Ғ.Маймақов кезекті жолдаудың артықшылықтарын тізбектеп берді.
Жалпы, іс-шараға қатысушылар өз ризашылығын білдіріп, Елбасымызға үлкен қолдау білдірітіндерін жасырмады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38