IMG 424

IMG 424

 

 

 

2017 жылдың 02 ақпан күні Шардара аудандық АТТ мүшелері, С. Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінде «Ханафи мазһабының мәні мен маңызы», – тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Н. Үсіпбек, Шардара ауданының бас имамы А. Данияров, Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Қ. Ілесов қатысты. Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасы Қ. Ілесов отырыстың мақсат – міндеттерімен таныстырды. Өз кезегінде сөз алған аудан имамы А. Данияров шынайы дініміздің құндылықтары, қағидалар мен шарттары, бағыттары адам баласын жақсылыққа ізглікке шақыратын болса, діннің атын жамылған кереғар діни ағымдардың іс – әрекеттері адамдарды адасушылыққа жетелейтінін айтты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, Н. Үсіпбек жастарға діни экстремизм мен теріс бағыттағы діни ағымдардан сақтанып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап, еліктеушілікке бой алдырмай, дұрыс білім алып оларды болашақта дұрыс қолдану керектігін атап өтті.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі

IMG 424

IMG 425

IMG 426

IMG 427

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38