ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде облыс, қала, аудан имамдарының кеңейтілген діни мәжілісі болып өтті.
Аталмыш шараны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек ашып, жүргізіп төрағалық етті.
Мәжілісте қала, аудан имамдарына бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, алдағы көктем айына дайындық, тазалық шаралары, жеке кездесу жұмыстары мен жергілікті ақпараттық насихат тобының жұмыстары, ауыл имамдарының ҚМДБ тарапынан қабылданған 7 тәлімдік құжат мен мешіттердің ішкі ережесі бойынша семинар өткізіп, сынақ алу жұмыстары, Діни сауат ашу курстары мен қайырымдылық шараларын жүргізу туралы т.б.тапсырамалар берілді.
Сондай-ақ, тың бастама ретінде «Ашық есік» күндерін өткізу жұмыстары қолға алынуда. Бұл бастама аясында тұрғындардың діни һәм рухани тұрғысындағы сұрақтарына жауап беру, рухани қолдау секілді дүниелерге басымдық беріледі. Осы арқылы аудан, қала деңгейіндегі проблемалық мәселелер шешілетін болады.
Мәжіліс барысында өкілдік пен «Көкжиек» баспасы тарапынан екі ай бойы «Мешітке кітап сыйлайық!» атты шарасы кезінде 75 мешіт кітапхана сөресіне 13 түрлі кітаптар үлестірілді.
Жалпы, мәжіліс барысында бірқатар мешіт имамдарына ескертулер беріліп, жұмыстарын пысықтауды тапсырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі