Әуелі куллі мадақ-мақтаулар Ұлы Жаратушы Иеміз Алла Тағалаға болғай.Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын.

«Ысырап» сөзінің тілдік мағынасы, дүние-мүлкіңді, керек-жарағыңды орынсыз шашу, артық шығынға жол беру, мөлшерден артық ішіп-жеу, уақытыңды дұрыс қолданбау, Алла Тағаланың сыйлаған әрбір нығметін өз орнымен қолданбау дегенді білдіреді.

Адам баласы өзіне берілген нығметті қалауынша тұтынуына болады, бірақ ысырап жасамауы қажет.

«Судың да сұрау бар» дейтін ата-бабаларымыз әрдайым ұрпағын үнемшілдікке үйретіп , ысырапқорлықтан сақтандырып отырған.

Ысырапқорлықтын тағы бір түрі қасиетті Құранда  «әт-тәбзир» деп аталады. Ысырапқорлық тиісті болған дүниеден артығын жұмсау болса, ал «әт-тәбзир» деп рұқсат етілмеген дүниеге мал сарып етуді айтады. Алла Тағала қасиетті Құранда ысырапқорлықтын бұл түрін:

                                                                    كَفُورًا لِرَبِّهِ الشَّيْطَانُ وَكَانَ الشَّيَاطِينِ اإِخْوَانَ كَانُوا الْمُبَذِّرِينَ إِنَّ

«Сөзсіз орынсыз мал сарып қылғандар шайтанға бауыр .Ал  шайтан болса, Раббысына тым күпірлік етуші»,-деп айтқан (Исра сүресі 27-аят).Арақ, құмар,зинақорлық, сынды күнәлі іске жұмсалған қаражат ысыраптың осы түріне жатады.

Ислам ғалымдарының көзқарасы бойынша, Алла үшін жұмсалған дәулет ысырапқа жатпайды деген.» Ысырапқорлықта жақсылық жоқ, жақсылыққа жұмсалған затта ысырапқорлық жоқ»,-дейді.

Туған-туысымызға ,міскін-кедейлерге,қанша қайырымдылық көрсетсек те, ысырапқа жатқызылмайды.Ондай адам жақсылық іс жасаған болып, сауапқа кенеледі.

Көбіне ысырапқор адам өзінің күнә жасап жүргендігін  де  өзі білмей, жасаған ісіне сүйсініп, осылылайша  шайтанның алдауы мен арбауына түсіп  қалады.

Ысырап деп – тек дүниені шашу деп түсінген дұрыс емес . Ысраптың жеп-ішуде, киім-киюде, уақытта және т.б. бірнеше түрлері бар

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

«Адам баласы еш уақытта асқазанынан өткен жаман ыдыс толтырған емес. Негізінде, адам баласына белін түзеп, әлденуі ушін аз ғана дәм-тұз (азық) жеткілікті.  Егер міндетті түрде ішіп- жеуі керек болса,(асқазанының) үште бірін тамаққа, уште бірін суға және уште бірін ауаға арнасын»,- деуі арқылы бізді жеп-ішуде ысырапқорлыққа  түсуден тыйған .(имам Тирмизи).

Өкінішке орай, бүгінгі қоғамда  ішіп-жеудің  нормасы  сақталмай ысырапқа  жол берілуде. Мысалы,  артық  тамақтардың  төгілуі, нан қалдықтарын  қоқысқа  тасталуы,  суды орынсыз ағызып  қою т.б. Мұнымен  қоса той- томалақта  шамасына қарамастан өзгеден  құр қалмайын деп ысырапқа жол  беріп шашылытынымыз да бар.

Киім киістегі ысырап:

Адам баласы киім киюге мұқтаж.Киімсіз жұруі мүмкін емес.Таза әрі жарасымды киінген құлын Алла Тағала жақсы көреді. Бірақ адамдарға көрсету мақсатында  немесе мақтану ниетімен менмендікке  салынса , киімі бола тұрып   бірінің үстіне бірін  алып жатса,ол –ысырап.

Уақыт ысырабы:

Ислам діні уақыт мәселесіне қатты көңіл бөлген.Уақыттың   маңыздылығы сонша  Алла Тағала Құранның  кейбір  сүрелерінде  уақытқа  серт  еткен.

«Заманға  серт.  Негізінен,  адам  баласы  зиян  шегудеә»,- дейді (Аср cүресі, 1-2-аяттар)Яғни уақытпен  серт  етіп,  сол уақыттың  ішінде  адамзаттың  қасіретте болатынын  айтқан.Ал сол қасіреттен  арылуымыз  үшін  ең  бастысы  әрбір  сағат,  күн, ай,  жылымызда  игі  істердің  көп  жасалуына  көңіл  бөліп  ,  уақытты  бекер  өткізіп  алудан  сақтануымыз  керек.Уақыттын жауы интернетте  ермекпен  отыру , бос сөзге  ұрыну, көп  ұйқыға  берілу.

Ардақты Пайғамбарымыз(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

«Адамдардың  көпшілігі  қадір-қасиетін  біле  бермейтін  екі  үлкен нығмет бар:біріншісі – денсаулық, екіншісі – бос  уақыт», – деп айтқан (имам  Бұхари).

Дүниені де  орынсыз  сарып  етпей, сарандыққа да  салынып  кетпей  орнымен  жұмсай  білуі тиіс.Мүмин адам  әрбір  ісінде  орта  жолды  ұстанғаны  дұрыс.

Алла Тағала бізді осыған  шақырып , былый  деген:

«Олар  мал  сарп  еткенде  ысырап  жасамайды  ,  сарандық та  етпейді, ортасында  болады»- деген (Фурқан суресі 67- аят).

Ендеше, Алла Тағаланың берген әрбір нығметіне  шүкіршілік  етіп,  оны бағалап,  орынсыз  жұмсаудан  сақтанайық.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)

«Қиямет  куні  Алланың  ешбір  құлы  өмірін  қайтып  өткізгендігі,  алған  білімін  не  істегендігі,  дүние- мүлкін  қандай  жолдармен  тауып,  қайда  жұмсағандығын  және  тәнін  қандай  жолда  түріп  тоздырғандығы  жайлы  есепке  тартылмайынша  бір адым да  аттай  алмайды»,-деп баяндаған (имам  Тирмизи)

Алла Тағаланың  бізге  берген  әр  нығметінің қадір-қасиетін  біліп , ысырапқорлықтан  сақтанып ,қияметте Алланың  мейіріміне кенелуімізді  нәсіп еткей!

ҚМДБ Шымкент қаласы Абай Ауданы «Сабыржан ата» мешітінің Имамы Юлдашев Ш.Р.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38