IMG 416

IMG 416

Ақпан айының 01 – ші жұлдызы күні Шардара қаласы Б. Соқпақбаев жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларымен «Діни ағымдардың алдын алу», – атты тақырыпта кездесуге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, «Өскен – өңір» газетінің фото – тілшісі Ж. Сейдуалиев қатысты. Сөз кезегін алған Қ. Ілесов бүгінгі таңда аудан әкімінің жанынан құрылған ақпараттық – насихат тобының басты мақсатымен таныстырып жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт – дәстүрін, тілін құрметтейтін тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі екендігін тілге тиек етті. Аудан имамы А. Данияров бүгінгі таңда дін атын жамылған кері тартпа ағымдар мен адасқан топтардың дінімізге, қоғамымызға келтірер зияндары мен зардаптарын кеңінен түсіндіріп берді. Діни ағымдар азаматтарымызды адастырып, қоғамдық тұтастыққа қауіп төндіруде. Олар қәзіргі таңда әлемде орын алып жатқан түрлі келеңсіздіктер мен қақтығыстардың барлығы да діни сауатсыздықтан шығып жатқандығын айта келе, жастарды діни сауатты болуға шақырды. Әлеуметтік желіні пайдалануда ҚМДБ – ның muftyat.kz сайты және ОҚО өкілдігінің oko-meshit.kz сайтымен қосымша әріптес muslim.kz, azan.kz, sunna.kz, fatua.kz сайттарынан керекті мағлұматтарды алуға болатындығынан хабардар етті. Шардара аудандық орталық кітапханада имандылық бұрышы қала тұрғындарына қызмет етуде. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады», – деп бекер айтпаса керек. Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды білумен қатар ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жететіндігін айтты. Кездесу барысында оқушылар көкейде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, тұщымды жауаптарын алды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 413

IMG 414

IMG 415

IMG 416

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38