Осы жылы елордаға өткен кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Әдеп» кеңесі құрылған болатын. Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Әдеп» кеңесінің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында арнайы басқосу әрі есеп беру отырысы өтті.
Отырысты ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Аталмыш кеңеске жетекшілік еткен қала бас имам кеңесшісі әрі «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имамы Бекайдар қажы Әміре және «Әдеп» кеңесінің жауапты хатшысы әрі қала бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ҚМДБ тарапынан қабылданған «Мешіт имамдарының қызметтік әдебі» құжаты аясында атқарылған жұмыстар туралы баян етті.
Сондай-ақ, басқосу аясында Шымкент қаласы мен Түркістан аймағына белгілі, көп жылдар абыроймен қызмет еткен бірқатар ардагер имамдарымызға «Шымкент қаласының құрметті имамы» аталымы бойынша марапаттау шарасы ұйымдастырылды. Мұндай айрықша марапатқа «Мейірман» мешітінің имамы Дәуренбек Тасқараев, «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің имам Бекайдар қажы Әміре, «Исамиддин баба» мешітінің найб имамы Қадыржан Мамметов, «Тасбау Сәлімбай» мешітінің имамы Жансейт Қалменов, «Тура жол» мешітінің найб имамы Қайрат Ергазиевтар ие болды. Марапаттар құтты һәм береклі болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі