Бүгін, Шымкент орталық мешітінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында «Тәуелсіздік және Ислам» атты мешіт имамдары арасында Құран жарысы өтті.
Тұңғыш ұйымдастырылған шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов ашып, айтулы мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа елге белгілі қари Камулжан қари Жолдасов, Шымкент орталық мешітінің найб имамдары Мейірбек қари Сәрсенбаев, Нұрсұлтан қари Мамедалиев, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықыласхат қари Майлан төрелік етті.
Байқау екі аталымы бойынша «Имамдар» мен «Қари имамдар» бөлініп 30-шы пара бойынша жүргізілді. Жалпы 60 мешіт имамдары қатысты. Қорытынды нәтиже бойынша жүлделі орын алғандар:
«Имамдар» аталымы бойынша: І-орын Қалкөзов Асылтемір. ІІ-орын Асқар Медет. ІІІ-орын Ынтымақ Омаров «Қари имамдар» аталамы бойынша: І-орын Рахматулла Кенжаев. ІІ-орын Зарифжан Зайнишов. ІІІ-орын Мұхамед Қутуб Файзиевтар ие болды.
Байқау жеңімпаздарына Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің алғыс хаты мен қаржылай сертификат табысталды. Аталмыш шараға белгілі кәсіпкер болған марқұм Самат Асылбекұлы бауырымыздың туыстары демеушілік жасалды.
Байқау соңында барлық қатысушыларға «Мүмтаз» халал дәмханасында арнайы дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі