Бүгін, Шымкент орталық бас мешітінде жергілікті ақпараттық насихат (ЖАНТ) тобының мүшелерін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерейтойы аясында марапаттау шарасы ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы әрбір ЖАНТ мүшелерінің жыл бойы атқарған жұмыстары мен жетістіктерін саралай келе өз ризашылығын білдірді. Алдағы жылы белсенді болып жігерленіп жұмыс атқаруға шақырды.
Айта кетсек, жылдың қорытындысы бойынша ЖАНТ мүшелері Діни Оңалту бағыты бойынша 48 дінисеминар өткізілді. Ғаламтор желілерінде теологиялық 126 видео уағыздар, 12 мақала жарияланды. Мұнымен қатар, 518 жеке кездесулер өткізілген. Және елуге жақын теріс ағымда жүрген азаматтар дәстүрлі дінімізге өтіп, бейімделген. Әріптестер марапат құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі