Бүгін Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде «Ихсан ілімі һәм Тәуелсіздік тағылымы» атты семинары ұйымдастырылды.

Рухани семинарға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді,  Ахметжан Керімбек, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы,  қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның  бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, Қажылық және «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты.

Рухани семинарды арнайы ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, әйгілі Әл-Азһар университетінің түлегі белгілі дінтанушы Нұрсұлтан қари Мамедалиев жүргізіп, қатысушыларға «Ихсан ілімі: Тәуелсіздік тағылымы» тақырыбында дәріс оқыды.

Рухани семинар соңында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы биылғы атқараылған жұмыстарға ризалығын білдіріп, алдағы жылы атқарылатын жұмыстарға тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38