Бүгін, Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмысы бойынша аудан бас имамдарының 2021 жылы атқарған есебі тыңдалды.
Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Ахметжан Керімбек, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, Қажылық және «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен жастар ісі секторының жетекшісі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты.
Жалпы, жылдық қорытынды есептің нәтижесі бойынша Қаратау және Абай аудандары «Үздік аудан, Үздік имам» аталымына ие болды.
Сондай-ақ, ардагер имам Бекайдар Әміреге, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, «Бойы ата» мешітінің имамы Бейсенбай Жұмабаев, «Үсенбек ата» мешітінің имамы Мұстафа Бауыржанға отбасымен берге «Ақсужабағылы» шипажайына жолдама берілді.
Ал жылдың үздік имамы – қызметкері аталымы бойынша Азамат Әбдіркерімұлы мен бұрын қалада қызмет еткен, бүгінде Түркістан облысында қызмет ететін ағамыздың еңбегі еленіп, құрмет көрсетіп дінтанушы Мұхамеджан Естеміровке ҚМДБ-ның «Тауаф» қажылық компаниясы арқылы қасиетті Мекке-Мәдинаға Ұмра қажылық сертификаты табыс етілді.
Мұнымен қатар, 13 бағыт жұмыстар нәтижесінде ең үздік 15 имамға алғыс хат және елу мың теңгеде сыйақы берілді. Әріптестер марапат құтты болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі