Шымкент қаласы, Әль-Фараби ауданы «Айқап» мешітінің Әйел-қыздар бөлімінде тұрақты және жүйелі түрде діни сауат ашу дәрістері өтуде. Осы діни сауат ашу курсында Айқап мешіті   ұстаздары түрлі әдістер мен ынталандыру шараларын қолданып шәкірттердің білімі мен тәрбиесі үшін атсалысуда. Сол шаралардың бірі қазақтың ұлы тұлғаларының кесенелерін зиярат ету. Бұл зиярат барысында шәкірттер  зияраттың дұрыс жасалуын, ұлы тұлғаларды ардақтауды, мұсылманның сапардағы әдебі мен қарым-қатынасын, дұға етудің ретін үйреніп, бауырмашылдықтары артып, ілімге ынталанды.
«Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» демекші, ел –  тәрбиелі және мәдениетті қоғаммен ғана дамиды.
Қыз тәрбиесі мен қоғам тәрбиесі үшін бар күшін салған ардақты ұстаздардан Алла разы болсын!
Алла екі дүниеде де беделдерін жоғары етсін!

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38