Алла Тағала тыйым салған барлық нәрсе – харам, Ал барлық харам – адам денсаулығына, сана-сезіміне зиян.
Қасиетті Құранның «Мәйда» сүресі, 90-92-аяттарында Алла Тағала: «Уа, Иман келтіргендер! Шындығында арақ, құмар ойын, пұттар, көріпкелдік жасайтын жебелер – шайтанның істерінен. Сондықтан да олардан қатты сақтаныңдар, сонда құтыласыңдар! Шындығында шайтан арақ пен құмар ойындар арқылы сендердің араларыңа от салып, дұшпандық пен жеккөрушілікті орнатуды, сендерді Алланың зікірінен, намаздан алыстатуды қалайды, сонда да тоқтатпайсыңдар ма?! Аллаға мойынсұныңдар әрі Оның Елшісіне мойынсұныңдар, сақтаныңдар. Ал, егер кері кетсеңдер, біліңдер, Елшіміздің бар міндеті анық жеткізу ғана» деп айтқан.
Грек сөзінен шыққан «mania» – құмарлық деген ұғымды білдіреді. Құмар ойындарға жастар арасында бой ұрушылық тым етек алып барады деп алаңдайды мамандар. Оның бірден бір себебі жастар өздеріне не керек екенін білмегендіктен жат әдеттерге еліктегіш келеді.
Алла Тағала Құран Кәрімде «Бақара» сүресі, 195-аятында: «… Өзіңдң өзің қатерге тігіп тәуекел етпе. Жақсылық жасаңдар. Расында Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсы көреді» – деп бұйырады.
Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) хадисінде:
“ Адамдардың көбі қадіріне жете бермейтін екі нығмет бар.
1 – Денсаулық
2- Бос Уақыт “ – деп айтқан .
Біз сөз еткелі тұрған ол – Букмекерлік орталықтар ,
Жануарлар қатысатын бәйгелерге бәс тігу ,
Викторина ,
Карта ,
Лотерея ,
Ұтыс ойындары ,
Покер ойыны,
Футболға ақша тігу ,
Казино …. баршасы уақытты кетірумен қатар күнә харам істер .
Ал , денсаулықты кетіретін ол – Ішімдік , нашақорлық .. әр жаманға еліктеп азғындыққа еріп барады.
Есірткіге елігу – құмарлық .
Ал құмарлық – дінімізде харам дүние.
Құранда Алла Тағала “ Юнус “ сүресі , 44- аятында :
“ Алла Тағала адамдарға зұлымдық жасамайды .
Бірақ адамдар өз- өздеріне зұлымдық жасайды “ – делінген .
Тағы мына бір аятта
“ Рағыд “ сүресі , 11- аятында :
“ Қай бір қауым өзін – өзі өзгертпейінше , Алла Тағала оны өзгертпейді “ – деп баян етеді.
Ардақты Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауты мен сәлемі болсын) :
“ Адам өзіне де , өзгеге де зиян жеткізуіне болмайды “– дейді. ( Имам Ибн Мәжа.)
Бірде Лұқман Хәкімнен : “Өмірде байлық қымбат па , жоқ әлде даңқ қымбат па ? “– деп сұраған екен.
Сонда ол : ”Байлық та , даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды.
Біле білсеңдер , ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты .
Ал бақыт дегенім не ?
Ол – әрбір адам өзінің күш – жігерін халқына , өз еліне , ұрпақ тәрбиесіне жұмсап , ақылды, парасатты және денсаулығы зор болса ғана бақытты “ , – деген екен.
Ия , “ Дені саудың – жаны сау “ – дейді халық даналығы.
Ислам діні адам денсаулығына , психикасына , физиологиясына қарсы жұмыс жасайтын ішімдік , құмар ойыны , есірткі сынды лас істердің орнын басатын ізгі істерді ұсынады.
Иманды қуаттау , қоғамға пайдалы сауапты амалдармен айналысу , уақыттың бір бөлігінде спортпен шұғылдану , атқа міну .
Тәні мен жанын қорғай алған адам ең бақытты жан болары сөзсіз.
Жаратқан Алла Тағала жанымызды жамандықтан қорғап, Тәнімізді зиянды істерден сақтағай .
Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар ісі секторы “Темірші ата“ мешітінің Имамы Ербол Тастанбекұлы Қалшабеков.