Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Түркістан» сарайында Пағамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге Мәуліт айының құрметіне «Пайғамбарлар падишасы – Әз Мұхаммед с.а.с.» атты рухани кеші ұйымдастырылды.
Рухани шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Найб мүфти Кенжеәлі қажы Мырзабаев, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы қатысып, жинаған көпшілікті рухани мерекемен құттықтады.
Рухани шараны елімізге белгілі «Өнер қырандары» театрының өнерпаздары сахналық қойылымдарын ұсынып, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өмірінен үзінді. Рухани жыр термелер және иләһи өлеңдер оқып, кештің әрін кіргізді. Сондай-ақ, рухани шара барысында орталық мешттің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев пен бірге «Шымкент» медресе-колледжінің шәкірттері Мәуліт дұғасын оқыды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара барысында барлық қатысушыларға ҚМДБ тарапынан жарық көрген кітаптар мен журналдар тарту етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38