Шымкент қаласына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Найб мүфти Кенжеәлі қажы  Мырзабаев ресми іссапармен келген болатын.

Сапар аясында бірнеше шараларға қатысты. ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмыстарының бірі һәм бірегейі – діни оқу-ағарту саласы болып саналады. Осы сала бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Ықылас» қарилар дайындау орталығында болып, тыныс-тіршілігімен танысты.       

Кездесу барасында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ықылас Майлан атқарып отырған жұмыстарын таныстырып, қысқаша баян етті.

Сондай-ақ, кездесу аясында найб мүфти Кенжеәлі қажы  Мырзабаев шәкірттерге тәлім-тәрбие, білім үйрену, ата-ананы құрметтеу сынды насихатын жеткізді. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38