Бүгін, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында қасиетті жұма күні Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Әл-Муслим» мешіті қайта жаңартылып, ел игілігіне тапсыру шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Найб мүфти Кенжеәлі қажы Мырзабаев, Шымкент қаласмының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы, қала бас имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Әміре, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров т.б. азаматтар қатысты.
Ашылу шарасы «Әл-Мүслим» мешітінің бас имамы Бекайдар Қымбатовтың Құран тіләует етімен басталды. Салтанатты шараны ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Найб мүфти Кенжеәлі қажы Мырзабаев ашып, құттықтап және ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің құттықтау сәлемін жеткізді.
Осыдан кейін, ел ақсақалдары Қаариддин қажы, Бекайдар қажы т.б. азаматтар сөз сөйлеп, игі тілек тіледі.
Айта кетейік, мешіттің құрылысына Мүтәлі Анарбекұлы бастаған бір топ азаматтар үлес қосты. Мешіттің жалпы сыйымдылығы 750 орын. Мешіттің дәрісханасы мен дәретханасы және көліктұрағы т.б. қамтылған.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі