Қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасы бойынша Еңбекші ауданы «Әл-Біләл» мешітінде кезекті жиналыс болып өтті. Жиналысқа қала бас имамының орынбасары Мұсабек қажы Ақтамберді, Қаратау ауданының бас имамы,ЖАНТ-ның жауапты басшысы Дастан Желеуов, Еңбекші ауданының бас имамы Берік Қалдаров және ауданға қарасты имамдар қатысты. Мұсабек қажы Ақтамберді күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен имамдарға тапсырды. Ал Дастан Сүлейұлы жат ағым мүшелеріне ақпараттық түсіндіру жұмысын жандандыру керектігін баса айтты . Жиналысқа қатысқан имамдар дін жолындағы қызметтеріне құлшыныстары артып, пайдалы кеңестер алып тарқасты.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі