Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінің Әйел-қыздар бөлімінде сүйікті пайғамбардың құрметіне «Үмметтің сүйіктісі – Мұхаммед Мұстафа» атты кеш өтті.
Хазіреті пайғамбар Мұхаммедті (с.ғ.с.) таныту және сүннеттерін жаңғырту үшін ұйымдастырылған бұл шарада ардақты сахабалардың өмірінен спектакльдік қойылымдар көрсетіліп, иләһи әндер мен салауатар айтылды.
Көрермендермен пайғамбарымыздың өмірінен және сүннеттерінен викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.
Мәуліт кешін қызықтап келушілерге пайғамбарлардың баяны кітабы сыйлыққа таратылды.
Кеш соңында дастархан жайылып, пайғамбарға арнайы оқылған Құран хатымның дұғасы оқылып бағышталды.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38