Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінде Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәуліт айының құрметі мәуліт жыры оқылып, салауаттар жолданды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Абдрахманов, Түркістан облысының іс басқарушысы Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Қазыбек Сарыбаев және дінтанушы Азамат Әбдікерімұлы, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов т,б, мешіңт жамағаттары қатысты.
Рухани шара барысында ұстаз Мейірбек қари Сәрсенбаев мәуліт жырын оқысы, Дәулет Түленов, Ақтөре Тұрапбай, Берік Чутабековтар жамағатқа уағыз айтты. Игі шара әлеуметтік желі арқылы таратылып, насихатталды.
Шара соңында Құран бағышталып, Шымкент қаласының бас имам Бақдәулет Нұрматұлы арнайы елдің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін дұға етті.
Айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша 47 мешітте Мәуліт мекересіне орай арнайы дастархан жайылып, жамағатқа ас берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі