Шымкент қаласының орталық мешітінің шәкірттері арасында хат жазу сайысы өтті. Әйел-қыздар арасы өткен бұл сайыста Сәлімбаева Жұлдыздың хаты үздік болып танылды. Пайғамбарға деген шынайы сағынышын қағазға төккен Жұлдыз хат жазғанда көз жасын тыя алмағанын да жеткізді.
Бұл сайыстың марапаттауы осы мешітте өткен «Үмметің сені сағынды» атты іс-шарада , мешітке жиналған көпшіліктің алдында табысталды.
Раббымыз Жұлдыздың жазған хаты мен сағынышын Хабибуллаға жеткізсін деп тілейміз.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі