“Мәуліт “– араб сөзі, қазақша «туған күн» деген мағына береді. Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамның (оған Алла разы болсын) Иса (оған Алла разы болсын)пайғамбарға дейінгі Алла Тағала Елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келуінің құрметіне ол айға осы атау берілген.
Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ата-анасынан ерте айырылды. Әкесі Абдулла перзенті өмірге келмей тұрғанда дүние салса, алты жасқа толғанда анасы Әмина қайтыс болады.
Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миләди жыл санауы бойынша 571.жылы 20 – сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиул-әууал айының 12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келген.
Биылғы жылы Мәуліт күні 18 – 19 қазан 2021 ж.күніне сәйкес келіп тұр , яғни бүгінгі күнге .
Мәуліт мерекесін атап өтуге қатысты пікір:
Мәулітті атап өту – абзал амалдың бірі. Себебі, мәуліт Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілік пен қуаныштың айрықша көрінісі. Ал Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жақсы көру – иман негіздерінің бірі.
Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Қасиетті мәуліт күнінде жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар жасауға болады. Бұл мереке кезінде шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауы шарт. Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар барлық іс жақсы бидғатқа жатады.
Құранда: “ Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік “ деген . ( “Әнбия” сүресі , 107- аят )
Бұл мерекені атап өтудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттау, жастарға имандылыққа тәрбиелеу, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтар мен ағымдардан сақтануға шақыру.
Сондықтан Алла елшісінің ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) дүниеге аяқ басып , ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш .
Хадисте : Алла Елшісі ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын ) былай дейді. “ Кімде – кім Исламда жақсы жол бастаса ( салса ,үрдіс қалыптастырса.) ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық адамдардың алатын сауабындай сауап жазылады.
Ал, кімде – кім Исламда жаман жол бастаса ( салса , үрдіс қалыптастырса ), ол адамға да сол жолдың күнәсі және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барша адамдардың күнәсіндай күнә жазылады “ деген. ( Сахих Муслим )
Ендеше , мәуліт мерекесін атап өту де , Ин ша Алла “ жақсы бидғаттың “ қатарына жатады.
Хадис саласының мәшhүр ғалымы Хафиз Жәләлуддин әс- Суюти өзінің “ Мәуліт ,Нәбиді атап өтудегі жақсы мақсат “ деген кітабында …
Мәуліттің үкімі жайлы сұралған сұраққа : “ …Мәуліт мерекесі жақсы бидғатқа жатады .Бұл амалды атқарушы сауапқа кенеледі . Себебі, мәулітте Пайғамбарымыздың ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қадір -қасиетін құрметтеу әрі оның дүниеге келуіне қуанғандығын көрсету бар “ деп жауап берген .
Мәуліт мерекесін атап өту барысында шариғатқа қайшы түрлі іс – әрекеттерден барынша аулақ болуымыз керек .
Мәуліт күндерінде іс – шараларды түрлендіріп , уағыз насихатты көбейтіп , мазмұнын сан алуан тақырыптармен гүлдендіріп отырсақ, халықтың ынта – ықыласының да артып, мерекенің берер нәтижесі де жемісті болары сөзсіз.
Жаратқан Алла Тағала өзіне сүйікті құл , Пайғамбарымыз Мұхаммед ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы үмбет болуды нәсіп еткей !
Шымкент қаласы, Абай ауданы, Жастар ісі секторы«Темірші ата» мешітінің имамы Ербол Тастанбекұлы Қалшабеков