Шымкент қаласы, Абай ауданы Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде әйел жамағаты «Зерделі әжелер» тобының бастауымен мешіт көрпешелерін тігіп, жаңарту жұмыстары жасалды. Жаңа көрпешелер жамағатқа қолданысқа беріліп, мешітке әдемі көрік пен жылуын сыйлады. Сонымен қатар, «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» демекші, мешітте сабақ алып жүрген әжелердің жастарға үлгі болып, көрпеше тігу өнерімен таныс болып, көрпешеге қажет мақтаны түту, матаға салып қабуды үйреніп, тысын заманауи үлгіде әдемілеп тігуді үйренді. Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен және мәдениетімен өте тығыз байланысты көрпеше тігу өнері жәй ғана тұрмыстық бұйым жасау емес, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын үлкен мәдени мұра және тәрбие құралы болып табылады.
Өнерін жастарға үйретіп, әрі мешітке жәрдем етуде аянбайтын әжелерге мешіт атынан алғыс білдірілді.








