Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алланың елшісі (с.а.с.) менің денемнен ұстап: «Уа, Абдулла! Дүниеде бір ғаріп, бөтен жандай немесе жолаушыдай бол әрі өзіңді қабір жұртындағылардың қатарынан сана», – деді». Ибн Мәже риуаят еткен.
Ибн Омардан (р.а.) мынадай риуаят жеткен: «Шамға (кешке) жеткеніңде таңға жетемін деп ойлама! Таңға жеткеніңде шамға жетемін деп ойлама! Сау кезіңде ауру кезің үшін, тірі кезіңде өлетін шағың үшін ғибрат ал!».
Хадистен ғибрат
- Адам баласы дүние тіршілігінің өткінші мерзім екендігін ұғынып, дүниені артына тастап, өзі оның соңына түспеуі қажет.
- Парыз ғибадат өз уақытында орындалуы тиіс.
- Өмірді, денсаулықты қайталанбас нығмет екендігін түсініп, олардың қадіріне жете білу керек.
Шымкент қаласы орталық мешіті