Дұға да дәрі сияқты. Оның да жамандықты кетіріп, мақсатқа жеткізуі дәрінікі сияқты. Кейде адамның нәпсілік жағдайына байланысты не дұғаның ішінде дұшпандық мақсаттағы Алланың ұнатпайтын дұға болуына байланысты дұғаның шипалық әсері кешігуі мүмкін. Мұның мысалы садақтың адырнасы мен жебенің қарым-қатынасындай. Егер адырнаны керіп тартсаң жебе алысқа ұшады. Ал адырнаны жай әлсіз түрде тартсаң алысқа бармай жақын жерге түседі. Дұғаның қабыл болмауының тағы бір себебі – харам ас ішу мен біреуге жәбір көрсету не кісі ақысын жеу, жүректі күнә, ғапылеттік басуы немесе ойын-сауыққа әбден батуы сияқты себептер әсер етуі мүмкін.
Дұға кейде дәрі-дәрмектен де дәруменді. Ол – бәле атаулының жауы, олардың алдын алады, жазып емдейді, уытын қайтарады және ол – мұсылманның қаруы.
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген: «Алланың жауап беретініне нық сеніммен дұға қылыңдар. Алланың ғапылет қалған әуесқойдың жүрегінен шыққан дұғаны қабыл етпейтіндігін біліңдер» (Термези).
Дұғаның дертті кетіретін күші бар екендігі сөзсіз. Бірақ, жүрек ықыласының Алладан басқа нәрсеге қарай ауытқуы, арам жолмен келгенді жеу және т.б. күнәлар оның күшін әлсіретеді.
Дұға Аллаға жалбарынып сақтану қаруы іспеттес. Қару жүзінің өткірлігімен емес, оны пайдаланушысымен күшті болады. Қару нағыз қару болып, оны көтеруші білек қарымды болса және көлденең кедергі болмаса, дұшпанның көзі жойылады. Ал осы үш шарттың біреуі дұрыс болмаса бұл қарудың еш әсері болмайды. Сол сияқты дұға да дұрыс болып шықпаса немесе оны айтушының ықыласы кем болып, жүрегі мен тілі бірдей шықпаса немесе басқадай көлденең кедергіге тап болса бұл дұғаның ешбір әсері болмайды.
Шымкент қаласы орталық мешіті