Бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның жеті бағыт жұмысы бойынша аудан бас имамдарының жарты жылдық есеп беру мәсжілісі болып өтті.
Есеп беру мәжілісіне Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, найб имамдар Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, қала имамының кеңесшісі Бекайдар қажы Төлжанұлы, қалалық «Халал Даму» ЖШС-ның бақылаушы өкілі әрі найб имамы Қазыбек Сарыбаев, «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының жетекшісі Айбек Азимбаев, жастар ісі секторының жетекшісі Ағарғали Керімбеков және Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан имамдары қатысты.
Есеп беру барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы тарапынан діни оңалту бағыты, діни сауат ашу және уағыз- насихат жұмыстары мен халал ісі бөлімі, әлеуметтік желі арқылы атқарылған жұмыстарды ширату туралы нақты тапсырма берілді. Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін найб имамдар тарапынан бірқатар мешіт имамдарының жұмысының салғырттығына байланысты ескертулер мен сөгіс беру ұсынылса, ал керісінше жарты жылдықта нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.
Мәжілісі барысында алдағы Құрбан айт мерекесіне байланысты атқарылатын жұмыс жоспары пысықталып, белсенді болуға шақырды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі