ҚМДБ-ның Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасын насихаттау мақсатында саяхат ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасын насихаттау саяхатына Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы бастаған топ мүшелері Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі әрі найб имам Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев, «Darhan Dala» жобасының қалалық өкілі әрі іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы және бірқатар мешіт имамдары қатысты.
Рухани саяхат жұмысын Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесіне зиярат етіп, өлкенің тарихи орындары тамашаланды. Осыдан кейін, Түркістан қаласына ат басын бұрып, түркі әлемінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етілді.
Қос шаһардың тарихы мен киелі орындар туралы рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі әрі найб имам Мұхамеджан Естеміров саяхатшыларымызға жан-жақты түсіндіріп берді.
Саяхат барысында ««Darhan Dala» жобасының мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру. Кейде киелі орындарға зиярат жасау рәсімдері кезінде шариғат талаптары сақтала бермейді. Осындай олқылықтың орнын толтыру қажет», – деді Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі