Шымкент қаласының «Әйел-қыздар» секторы Қаратау ауданына қарасты «Ақжайық» мешітінің жанынан ашылған ДСАК – та «Құран адамды бақытты етеді» атты іс-шара өтті. Бұл іс- шарада құранға түскен 25 шәкіртке салтанатты түрде «құран тәжі» кигізілді. Сонымен қоса, шәкірттердің ата-аналары қонаққа шақырылып, уағыз насихат және иллахи әндер айтылып, дастархан жайылды.
Осы орайды қыздар бөліміне қолдау көрсетуден аянбаған жомарт жандарға және «Ақжайық» мешітінің бас имамы Махметханов Әзімхан мырзаға үлкен алғысымызды білдіреміз. Ал 25 шәкірттің Құран оқуына себепкер болған , Қаламбек Амира және Нұғман қызы Майраға Раббымыз мол сауаптан жазуын, әлі де дін Исламға қызмет етуінде қажымас қайрат тілейміз.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі