Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Сейіткәрім қажы» мешітінде қари «Әйел-қыздар» секторы ұстазы Айгүл Маханова ұстазымыздың ұйымдастыруымен  27- маусым күні жарты парадан Құран жарысы өтті.
Сайысқа мешіттерден 26 шәкірт қатысты. Әділ қазылық еткендер Айгүл Маханова, Жұмагүл Рахматуллақызы,  Арайлым Рүстемова және Гүлжан Нұрланқызы ұстаздарымыз болды. Жеңімпаздарға: 

1-орын Айдынқызы Айша 50 000 тг;
2-орын Шаңкөз Қарлығаш 30 000тг; 
3-орын Дінмұхаммед Ахметжан 20 000 тг көлемінде қаржылай сыйлықтар берілді.
Қалған қатысушыларға 12 Құран Кәрім кітабы және ынталандыру сыйлықтары үлестірілді. Жарысымызға демеушілік еткен ханымдарға, Шапағат Марғұланқызына және «Сейіткәрім қажы» мешітінің ұстазы Шахризат Әбтайқызы алғысымызды білдіреміз! Ұлы РАББЫМЫЗ Құран Кәрімді жүрегіміздің көктемі еткей!

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38