Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл және шырайлы Шымкент қаласының үш жылдық  мерейтойына орай,   Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болымен мешіт имамдары мен жергілікті әкімдіктің құрама командалары арасында футболдан турнир ұйымдастырылды.

Ойын алдында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов пен Шымкент қаласы  Дін істер басқармасының басшысы Әлжан Тұяқбаев арнайы сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Жалпы 6 команда қатысты. Атап айтқанда «Ақмешіт», «Номат», «Абай», «Әл-Фараби», «Еңбекші» және «Қаратау» командалары тартысты ойын көрсетті.

Жалпы  ойын нәтижесі бойынша «Әл-Фараби» командасы  бас жүлдені жеңіп алды. Ал екінші орынды «Еңбекші», үшінші орынды «Абай» командасы ие болды. Турнирге қатысқандарға «Үздің команда», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» және «Үздік көрермен» т.б.  аталымдар  бойынша алғыс хаттар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38