Өздеріңізге белгілі, жуырда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Шымкент қаласына сапары аясында шағын спорт алаңқайының ашылуына қатысқан болатын.
Міне, бүгінде шағын спорт алаңында қаламыздағы мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан жас шәкірттеріміз апта сайын футбол ойындарын өткізіп келеді.
Кезекті ойынды Шымкент қаласы, Абай ауданы «Торлан» мешітінің имамы Ғалымжан Назаров пен «Шымкент» медресе колледжінің студенті, ұстаз Дархан қари Мұхамеджанұлының шәкірттері қатыстып, футбол ойнап тарасты.
Осындай мүмкіндікті жасап берген Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов бастаған ұжымға, демеушілерге ұстаздар мен шәкірттеріміз алғыстарын білдіруде.