Жуырда, Шымкент қаласы Төтенше жағдалар департаментінің ұйытқы болуымен «Ихсан ілімі – адалдық жолы» атты арнайы семинар ұйымдастырылды. Семинар жұмысына ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы «Темірші ата» мешітінің имамы әрі аудандық Жастар ісі секторының өкілі Ербол Қалшабек арнайы қатысып, баяндама оқыды. Семинар барысында «Адам баласы амалында Алла көріп тұр деген сенім болса жамандыққа жанаспайды. Осы орайда, Ихсан іліміне амал еткен адам түрлі қылмыс пен күнәлі істерден бойын аулақ ұстайды», – деді Ербол Қалшабек. Басқосу өте әсерлі ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38