Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Ақжайық» мешіті жанынан ашылған, қыз келіншектерге арналған діни сауат ашу курсында, Алла Тағаланың 99 көркем есімінен жамағат арасында сайыс өтті. Өзінің зеректігімен , белсенділігімен, алға суырылып шыққан жүлдерлерге келер болсақ , 1-орын Амалбек Наргиза, 2-орын Мамырайым Дана, 3-орын Сарыбай Диана иеленді. Алдағы уақытта, Ақжайық» мешіті жамағатының саны артып, белсенділігі арта түсетін түрлі іс-шаралар күтеміз. Қызметтегі Алмира ұстаз бен Майра ұстазға Алла күш- қуат беріп, дін исламға жасаған қызметтері екі дүниеде де хайырлы болсын.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38