Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Айқап мешітінің жанындағы «Әйел-қыздар» секторында қалалық Құран жарысы өтті.
Жарыс екі топпен, яғни I-пара (30) және II-пара (29,30) бойынша өтті.
Сайысты үш бөлімнен
1. Әділ-қазы алқасы белгілеген сүрені жатқа айту
2. Соңғы пара бойынша әділ-қазылардың көрсеткен кез-келген аятты жалғастырып кету.
3. Бір ұзын айттың әр әріпін тәжуитпен талдау

Сайыста қатысушылар Құран әріптерінің махрадждары, тәжуит ережелері және мақамына қарап, сын беріп,  баға қойды.
Сайыста қалалық мешіттерден 50 шәкірт қатысты.

Нәтижесінде I-пара бойынша:
I-орын Киличева Хадиша
II-орын Абубакирқызы Айша
III-орын Зәуре Омар

II-пара бойынша:
I-орын Киличева Райхан
II-орын Хикматханова Оминахон
III-орын Мирзаева Мунира

Жүлде ретінде бір пара бойынша 1.орынға 50000, 2.орынға 30000, 3.орынға 20000тг.
Соңғы екі пара бойынша 1.орын 70000тг, 2.орын 50000тг, 3.орынға 30000тг ақшалай сыйлық берілді.

Жарысты ұйымдастырған және белсене атсалысқан құрметті ұстаздар Жұмагүл Рахматуллақызы, Арайлым Рүстемова, Күләй Жұма және Жанар Мырзалиеваларға және де қаржылай демеуші көрсеткендерге шексіз алғысымызды білдіреміз.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38