Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Осы шараға Шымкент қаласы, Абай ауданы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміренің тікелей ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бүгінге дейін ораза тұтқан азаматтарға ауызашар себеті таратылып келеді. Жалпы, 4000 адамға ауызашар себеті үлестірлді.
Осы шараға қаржылай қолдау көрсет азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі