Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданы «Әділ Омар» мешіті мен қалалық Зекет және қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шара барысында аз қамтылған, көпбалалы 21 отбасының әрбіріне 50 000 (елу мың) теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Жалпы 1050 000 т ( бір миллион елу мың) тенге қаражат жұмсалды. Қасиетті айта Зекет беріп, елдің алғысын алған азаматтарға Алланың нұры жаусын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



