Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жалғасын табуда
Осы игі бастамаға қолдау ретінде Шымкент қаласы, Абай ауданы «Қождан ата» мешіті қасиетті Қадір кеші қарсаңында 100 отбасыға азық-түлік таратты. Онда ұн, май, қант, күріш, шәй, т.б.
Шара барысында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Қождан ата» мешітінің имамы Ақтөре Тұрапбай уағыз айтып, қасиетті Қадір кешімен құттықтады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі