Қасиетті Қадір кеші қарсаңында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Айтулы шара барысында Шымкент қаласы, Абай ауданы «Масжидур Рохман» мешітінің имамы Анарғали Керімбеков сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» атты қайырымдылық шаралары жүзеге асырылып жатқанын айта келе, қасиетті мерекемен құттықтап, уағыз айтты.
Сондай-ақ, елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, мұқтаж 50 отбасыларға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі