Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен «Атамның аманаты» қоғамдық бірлестігі бірлесіп екінші дүниежүзілік соғыста шейіт болған, із-түссіз жоғалған ата-баба рухына құрмет көрсетіліп, ерліктерін еске алуға арналған арнайы шарар Шымкент қаласы бойынша өкілдігінде ұйымдастырылды.
Сауапты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы, найб имам, рухани тәрбие – Ихсан ілімі бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Әдеп» кеңесінің жетекшісі Бекайдар Әміре, қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы, Абай аудандық мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби аудандық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің бас имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің бас имамы Дастан Желеуов және мешіт имамдары қатысып, атсалысты.
Айта кету керек, игі шара аясында қасиетті Рамазан айында 26 мешіттерде арнайы оқылған Құран Хатым сауабы бағышталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі