IMG 218

IMG 218

Шардара қаласы №16 колледж студенттері және №3 мамандырылған мектеп интернатының жоғарғы сынып оқушыларымен «Дәстүрлі емес діни ағымдар ықпалының алдын алу жолдары», – атты тақырыпта діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында кездесуге колледж директоры З. Талбидин, ҚМДБ – ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық – насихат тобының мүшесі, ОҚО өкілдігінің найб имамы Е. Қарақұлов «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, Шымкент қаласы Абай ауданы «Қождан ата» мешітінің бас имамы, ЖАНТ мүшесі Д. Желеуов, «Шардара» орталық мешітінің ұстазы М. Ханзадаев, Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дін танушы Н. Түсіпбек қатысты. Әлеуметтік желілерде қандай сайттар мен діни әдебиеттерді пайдалануға болады, бейбітшіліктің қадірін, қасиетін түсіну, жастарға жихад ұранына алданып қалмау, ұлттық құндылықтарымызды жақсылап бойына сіңіріп, үйреніп қоғамда өз ортасында орнымен қолдану керектігі айтылды. Іс – шара барысында жат діни ағымдардың көздеген мақсаттары, олардың зардаптары, қоғамға тигізер қауіптіліктері мен жағымсыз әсерлері туралы сөз қозғалып колледж, мектеп лицей ұстаздарының сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалып, 114 қауырт желі нөмірінен жауап алуға болатынын айтып өтті. Кез – келген адамнан діни сұрақтарға жауап алуға болмайтындығы айтылып, қатысушыларға Оңтүстік Қазақстан облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ тарапынан шығарылған «Қазіргі таңдағы неосәләфиттік ағым» мақалалар жинағы және «Кереғар діндерден сақтанайық» атты бейнетаспа таратылды.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 217

IMG 218

IMG 219

IMG 220

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38