IMG 210

IMG 210

ОҚО Арыс қалалық мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО Арыс қаласы «Ысқақ» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Мәуліт!» атты рухани кеші ұйымдастырылды.
Рухани кешке қала әкімі Мұрат Болатұлы және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы арнайы қатысып, мерекемен құттықтады. Өкіл имам Арыс тұрғындарын ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізді.
Мерекелік шараны елге белгілі «Асыл мұра» өнер орталығының өнерпаздары елге өнерлерін көрсетіп, тәнті етті. Сондай-ақ, Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің найб имамы Қажымұқан Қазыбаев қасиетті Құран Кәрім және мәуліт хұтбасын оқыды.
Қала әкімі Мұрат Болатұлы жаста болса бас болып жиналған жамағатқа зәулім мейрамханада мерекелік дастархан жайып, өкіл имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы мен найб имам Мұхамеджан Естеміровке алғыс хатымен марапаттады.
Мұнымен қатар, мерекеден теберік ретінде жиналған көпшілікке «Намаз оқып үйренейік» кітапшасы тегін таратылды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 208

IMG 209

IMG 210

IMG 211

IMG 212

IMG 213

IMG 214

IMG 215

IMG 216

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38