Бүгін, қасиетті жұма күні Шымкент қаласы бойынша өкілдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен «Берекелі Рамазан керуені» атты Республикалық қайырымдылық марафонына қатысып, үлес қосты.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек Азимбаев, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.
Игі шараға Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында 1000 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек берілді.
Осы орайда, игі шараға демеушілік еткен «Асан» ЖШС бас директоры Мукашев Ануарбек мырзаға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі