Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіне орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі ҚМДБ-ның «Әр аптада бір – бір шара» жобасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Таза Әлем» атты тазалық акциясын ұйымдастырды. Тазалық акциясына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, найб имам Мұсабек Ақтамберді,  іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров,  Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов қаладағы барлық мешіт имамдары мен «Жастар ісі» және «Әйел-қыздар» секторы, «Зекет» қорының т.б. ерікті топ мүшелері қатысты. Шара барысында мешіттердің іші-сырты, ауласы, дәретханалары т.б. орындары толық тазаланды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38