Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің атынан ораза ұстаған азаматтарға «Ауызашар себеті» үлестірілді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, найб имам әрі Рухани тәрбие – Ихсан ілімі бағытының жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, іс басқарушы Азамат Әбідкерімұлы, Абай аудандық мешіттің имамы Бердалы Жәміш, Әл-Фараби ауданыдық мешіттің имамы Ахметжан Керімбек, Еңбекші аудандық мешіттің имамы Берік Қалдаров, Қаратау аудандық мешіттің имамы Дастан Желеуов т.б. мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелері қатысты.
Дәстүрлі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов: «Елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға және ораза ұстазаған азаматтарға үлестіріліп жатыр. Жалпы игі шара қалалық «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Қождан ата», «Торлан», «Байғұт баба», «Бойыт ата», «Сейіткәрім қажы», «Аңламас ата», «Шәкірбай қажы», «Шейх Мұхамед Садық», «Ар-Рақиб», «Әл-Біләл», «Тәжібай ата», «Елтай», «Әл-Муслим», «Елтай», «Әкбар қажы Шәкірбай» мешіттерінде ауызашар ас мәзірі әзірленіп, 2000 отбасыға ауызашар себеті үлестірілді», – деді.
Өз кезегінде, жергілікті тұрғындар Бас мүфти хазретке алғыстарын айтып, елдің амандығы мен тыныштығына дұға етіп, дән ризалықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі