Мұсылмандар Құран аяттары түсе бастаған Рамазан айында көптеген игілікті істер жасап, Алланың разылығын алуға асығады. Бұл айда жомарт жандар Жәннатқа жақындаудың жолында жарысып жанталасады. Құранда бұл жайлы былай баяндалады: «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей Жәннатқа жарысыңдар. Олар – кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ, олар – ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла жақсылық істеушілерді сүйеді» (Әли-Имран сүресі, 133-134 – аяттар).

Осындай игілік үшін жарыс Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты мешіттерде күн сайын артып келеді. Атап айтқанда демеушілердің көмегімен «Тура жол» мешітінде 20 отбасыға, «Елтай» мешітінде халық қалаулысының көмегімен 30 мұқтаж отбасыға азық-түлік таратылса,   ал «Хазіреті Али» мешітінде 15 отбасыға, «Ұзған ата» мешітінің есебінен 20 отбасыға,  демеушінің көмегімен 15 отбасыға ауызашар себеттері үлестірілді. Осылайша 100 отбасының жүрегіне жылу сыйлаған жомарт жандар көпке үлгі көрсетті. Ал сауапты істе, байлар мен кедейлердің арасында алтын көпір болып, көмектің мұқтаж жандарға жетуіне мұрындық болған мешіт имамдарының еңбегі зор. Ендеше Рамазан айындағы еселеніп берілетін игіліктерден сіздер де құр алақан қалмаңыздар!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38