Мінез-құлық түрлерінің шектері туралы ойларды жинақтай келе мұндағы басты өлшем – әділдік, шектен де шықпайтын, кемшілікке де орын берілмейтін ортаңғы жолды ұстану екендігі айқындалады. Әрбір істе ортаңғы жолды ұстану – пенденің дүниелік және ақыреттік мүдделерінің сақталынуының бірден-бір кепілі. Ал ортаңғы жолдан ауытқып, әділдіктен алыстағанда, пенденің мүдделері қалыс қалып, зиянға ұшырайды. Ұйқы, тамақ, қозғалыс, оңашалық, қоғамшылдық сияқты пенделік табиғи қажеттіліктерде де әділдікті, орта жолды ұстамақ керек.

Қорыта айтсақ, әрбір нәрсенің белгілі мөлшері, шектері туралы білім – білімдердің ең ардақтысы. Адамдардың ең білгірі, ең бекзаты – сол шектерді жазбай танып, ортаңғы жолды ұстана алған адам. Алла Тағала былай дейді:

الأَعْرَابُ أَشَدُّ كُفْراً وَنِفَاقاً وَأَجْدَرُ أَلاَّ يَعْلَمُواْ حُدُودَ مَا أَنزَلَ اللّهُ عَلَى رَسُولِهِ وَاللّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ

«Көшпелі арабтар күпірлік пен екіжүзділікте өте күшті. Олар Аллаһтың Өзі елшісіне түсірген шектерін білмейді (мойындамайды). Аллаһ бәрін білуші һәм дана» (Тәубе: 97).

Демек, адамдардың ең әділі – мінез-құлықтың, амалдардың шектерін танып біліп, сол білімінің негізінде әрекет қылған жан. Алла сондай сипатқа күш-қуат бергей!

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38