Он екі айдың сұлтаны Рамазан айын кез келген мұсылман асыға күтіп жүргені баршаға аян. Осы орайда Әл Муслим мешітінің әйел қыздар секторының ұстазы Жанар ұстаздың ұйымдастыруымен «Қош келдің Рамазан» атты рухани тәлім-тәрбиелік керемет жиын өткізілді. Жиында шәкірттер арасында Алла тағаланың көркем есімдерін жатқа айтудан сайыс өткізіліп, жеңімпаздар арнайы сыйлықпен марапатталды. Шәкірттер арнайы дайындаған шығармашылық жұмыстарын көрсетіп, баршасы арнайы сыйлық иеленді. Жиын соңында қажы апалар ақ батасын беріп, келе жатқан Рамазан айына аман сау жетіп, мол сауапқа кенелетін салиқалы амалдар жасап өткізуімізді Алладан сұрап, дұға етті.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38