Кеше Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде қасиетті Мәуліт айында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Мақтарал ауданы бойынша Аудандық «Нұғман» мешітіне қарасты барша мешіт жамағаттары арасында мәнерлеп оқу бойынша Қасиетті Құран жарысы ұйымдастырылды. Жарыс Аудандық «Нұғман» мешіті және Аудан әкімшілігі қолдауымен өтті. Жарыс шарты бойынша «Дұха» сүресінен төмен қарай «Нас» сүресіне дейін жамағаттың қырағаты мен тәжуиді және оқуы назарға алынды. Бұл шараға жеті жасар баладан жетпістегі қария ақсақалдарымызға дейін қатысты. Жарысқа төреші ретінде Аудандық «Нұғман» мешітінің ұстазы Тухтаев Умид, «Қанайұлы Көбей» мешітінің имамы Хадыршаев Абдулхафиз, «Нағанай ата» мешітінің имамы Бименов Мұсабек, «Қаныбек қажы» мешітінің молдасы Саттаров Нұрмахандар болды. Құптан намазы оқылғаннан кейін жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Алғаш екі мешіт жамағатына ынталандыру сыйлығы берілді. 2 және 3-ші орындарды қалалық «Нұр Алла» мешіті жамағаты алса, 1 ші орынды Атакент кентіндегі «Қанайұлы Көбей қажы Әкбар ата» мешіті жамағаты шәкірті иеленді. Және де ең жас мешіт жамағаты ретінде «Нұғман» мешітінің 2 шәкірті қаржылай сыйлыққа ие болды. Бұл шаралар Алла қалауымен алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Сонымен қатар, ауданымызда қаншама жылдан бері мешітте жұмыс істеп, ел игілігі үшін қызмет атқарған «Абдуләкім» мешітінің имамы Бимағамбетов Қуанышқа, «Қанайұлы Көбей» мешітінің имамы Хадыршаев Абдулхафизге, «Асық ата» мешітінің имамы Манбетов Бекболатқа және «Бейсенбай ата» мешітінің имамы Досанов Абдурахманға Мақтарал ауданы әкімі Ғалым Ыбырайұлы ағамыз атынан алғыс хат табысталды. Алла тағала Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткей!